Диагностикадан жеке мониторингке дейін: математикалық сауаттылықты PISA талаптарына сай бағалаудың толық жүйесі.
6 сұрақ — 4 мазмұндық сала (сандар, геометрия, функциялар, деректер). Тест соңында PISA деңгейің анықталады.
Сабақ барысында қолданылатын дескрипторлар мен техникалар.
| Оқушы… | Белгі |
|---|---|
| мәтіннен қажетті сандық деректі табады | ☐ |
| пайызды ондық бөлшекке айналдырады | ☐ |
| шамадан пайызды дұрыс есептейді | ☐ |
| тізбекті жеңілдікті қосынды деп қателеспейді | ☐ |
| жауабын өмірлік тұрғыда тексереді | ☐ |
Оқушы түсіну деңгейін картамен көрсетеді: жасыл — түсіндім, сары — сұрағым бар, қызыл — көмек керек. Мұғалім сабақты сол бойынша бейімдейді.
Сабақ соңында 1 шағын сұрақ: «Бүгінгі әдісті мына жағдайда қалай қолданар едің?» Жауап — келесі сабақты жоспарлау негізі.
Жұптар бір-бірінің шешімін дескриптор бойынша тексереді: «Екі жұлдыз, бір тілек» (2 жетістік + 1 ұсыныс).
Мұғалім әдейі қате шешім көрсетеді — оқушылар қатені тауып, себебін түсіндіреді. Пайымдау дағдысын дамытады.
БЖБ/ТЖБ-ға арналған PISA-форматындағы деңгейлік тапсырма үлгісі және бағалау коды.
Әр тұжырымды 1-ден (мүлдем келіспеймін) 5-ке (толық келісемін) дейін бағала.
Осы құрылғыда сақталған жеке нәтижелерің.