👩‍🏫 TEACHER BOX — Мұғалім қоржыны

Математика мұғаліміне арналған дайын әдістемелік қоржын: бағдарламадан бастап AI-промпттарға дейін. Кез келген бөлімді басып ашыңыз, сабаққа бірден қолданыңыз.

📘 Авторлық бағдарлама

«Математика — өмірлік мәселелерді шешудің құралы» авторлық бағдарламасы 7–9 сынып оқушыларына арналған, аптасына 1 сағат (жылына 34 сағат).

МодульТақырыбыСағатКүтілетін нәтиже
1Математикалық сауаттылық және PISA форматы4 Оқушы PISA тапсырмасының құрылымын таниды, контекст түрлерін ажыратады
2Сандар мен есептеулер өмірлік жағдаяттарда6 Пайыз, пропорция, валюта бағамын күнделікті есептерде қолданады
3Кеңістік және пішін (геометрия практикада)6 Аудан, көлем, масштабты нақты нысандарға есептейді
4Өзгеріс және тәуелділік (функциялар)6 Графиктерді оқиды, өмірлік үдерістерді функциямен модельдейді
5Белгісіздік және деректер (статистика)6 Диаграммаларды талдайды, ықтималдықты бағалайды, қорытынды жасайды
6STEM-жоба: инженерлік жобалау циклі6 Топта жоба орындап, нәтижені қорғайды

📅 Күнтізбелік жоспар

Тоқсан бойынша бөлінген үлгі жоспар. «Басып шығару» батырмасымен PDF/қағазға шығаруға болады.

ТақырыпСағатМерзіміPISA контексі
1PISA дегеніміз не? Тапсырма құрылымы1қыркүйек, 1-апта
2Контекст түрлері: жеке, кәсіби, қоғамдық, ғылыми1қыркүйек, 2-аптааралас
3Математикалық модельдеу циклі1қыркүйек, 3-аптағылыми
4Кіріспе диагностикалық тест1қыркүйек, 4-апта
5Пайыз: жеңілдіктер мен үстемелер1қазан, 1-аптажеке
6Банк пайызы және депозит1қазан, 2-аптақоғамдық
7Пропорция: рецептер мен қоспалар1қазан, 3-аптажеке
8Валюта бағамы және саяхат бюджеті1қазан, 4-аптақоғамдық
ТақырыпСағатМерзіміPISA контексі
9Масштаб: карта және жоспар1қараша, 2-аптақоғамдық
10Аудан: пәтерді жөндеу есебі1қараша, 3-аптажеке
11Көлем: ыдыстар мен қоймалар1қараша, 4-аптакәсіби
12Геометрия сәулетте: Астана нысандары1желтоқсан, 1-аптақоғамдық
13GeoGebra-мен практикум1желтоқсан, 2-апта
14Мини-жоба: «Менің бөлмемнің жобасы»2желтоқсан, 3–4 аптажеке
ТақырыпСағатМерзіміPISA контексі
15Графикті оқу: жылдамдық пен жол1қаңтар, 2-аптағылыми
16Сызықтық функция: тариф жоспарлары1қаңтар, 3-аптажеке
17Desmos-пен функцияларды зерттеу1қаңтар, 4-апта
18Статистика: диаграммаларды талдау1ақпан, 1-аптақоғамдық
19Орта мән, медиана, мода — қайсысын алу керек?1ақпан, 2-аптағылыми
20Ықтималдық: ойындар мен лотерея1ақпан, 3-аптажеке
21Жалған деректерді тану (медиасауаттылық)1ақпан, 4-аптақоғамдық
22–24PISA тренажеры: аралас тапсырмалар3наурызаралас
ТақырыпСағатМерзіміPISA контексі
25Инженерлік жобалау циклімен танысу1сәуір, 1-аптакәсіби
26–29STEM-жоба: «Берік көпір» (жобалау, құру, сынау)4сәуіркәсіби
30–31Жобаларды қорғау2мамыр, 1–2 апта
32Қорытынды диагностикалық тест1мамыр, 3-апта
33–34Рефлексия, жылдық қорытынды2мамыр, 4-апта

📋 Сабақ жоспарлары

5E үлгісінде құрылған дайын қысқа мерзімді жоспарлар. Тақырыпты басып ашыңыз.

Мақсаты: оқушы дүкендегі жеңілдіктерді есептеп, «тиімді ұсынысты» математикалық негізде таңдайды.

  1. Engage (5 мин): Екі дүкеннің жарнамасы: «–30%» және «2-сін алсаң, 3-шісі тегін». Қайсысы тиімді? Болжам айтқызу.
  2. Explore (10 мин): Топтарда нақты баға бойынша екі ұсынысты есептеу.
  3. Explain (10 мин): Пайызды табу формуласын шығару, топ шешімдерін салыстыру.
  4. Elaborate (10 мин): PISA-форматындағы тапсырма: «Маусымдық сатылым» (2 сұрақ).
  5. Evaluate (5 мин): Шығу билеті: «Бір ұсыныстың тиімділігін бір сөйлеммен дәлелде».

Ресурстар: жарнама макеттері (Canva), калькулятор, жұмыс парағы.

Мақсаты: оқушы бөлме жоспарын масштабпен сызып, жөндеуге қажет материал мөлшері мен құнын есептейді.

  1. Engage (5 мин): «Бөлмеңді жөндеуге қанша ақша керек?» — болжамдар банкі.
  2. Explore (12 мин): Бөлме өлшемдерін масштабпен қағазға/GeoGebra-ға түсіру.
  3. Explain (8 мин): Аудан формулалары, шығынды есептеу алгоритмі.
  4. Elaborate (12 мин): Материал бағасының кестесі бойынша толық смета құру.
  5. Evaluate (3 мин): Өзін-өзі бағалау шкаласы + сметаны көршімен тексеру.

Ресурстар: GeoGebra, баға кестесі, миллиметрлік қағаз.

Мақсаты: оқушы ұялы байланыс тарифтерін сызықтық функциямен модельдеп, графикпен салыстырады.

  1. Engage (5 мин): Үш оператордың нақты тарифтері. Қайсысын таңдар едің? Неге?
  2. Explore (10 мин): Әр тарифтің құнын минут санына тәуелді формуламен жазу.
  3. Explain (10 мин): y = kx + b моделі; k мен b тарифте нені білдіреді?
  4. Elaborate (12 мин): Desmos-та үш графикті салу, қиылысу нүктелерін табу, қорытынды жасау.
  5. Evaluate (3 мин): «Айына N минут сөйлесетін адамға қай тариф тиімді?» — жеке жауап.

Ресурстар: Desmos, тарифтер кестесі.

Мақсаты: оқушы инженерлік жобалау циклі бойынша қағаздан көпір құрап, жүктемені есептейді.

  1. Ask (5 мин): Мәселе: 30 см аралықты жалғап, ең көп жүк көтеретін көпір керек.
  2. Imagine (7 мин): Топ 2–3 конструкция нобайын салады, үшбұрыш қатаңдығын талқылау.
  3. Plan (8 мин): Материал шығынын (қағаз, желім) есептеу — бюджет шектеулі!
  4. Create (15 мин): Құрастыру.
  5. Test & Improve (10 мин): Жүктеме сынағы, нәтижелер кестесі, жақсарту ұсыныстары.

Математика: үшбұрыштар, симметрия, шығын есебі, деректер кестесі.

🛠️ Әдістемелік нұсқаулық

Платформаны сабақта тиімді қолдану бойынша ұсыныстар.

  • Сабақ басында — Life Situation Box-тан жағдаятты «қармақ» ретінде қолданыңыз (5 мин).
  • Негізгі бөлімде — Digital Box құралдарымен (GeoGebra/Desmos) зерттеу жүргізіңіз.
  • Бекітуде — Student Box-тағы интерактивті PISA тапсырмаларын орындатыңыз.
  • Соңында — рефлексия формасын толтыртыңыз (2–3 мин).
  • PISA тапсырмалары деңгейге бөлінген: 1–2 деңгей — қолдау қажет оқушыларға, 5–6 — дарынды оқушыларға.
  • STEM Challenge-де рөлдер бөлінеді: инженер, есепші, дизайнер, спикер — әр оқушы өз күшті жағын көрсетеді.
  • AI Navigator баяу оқушыға жеке қарқынмен кеңес береді.
  • «Оқушы шартты оқымайды» — мәтінді бірге дауыстап талдап, деректерді кестеге түсіру дағдысын қалыптастырыңыз.
  • «Интернет жоқ» — тапсырмаларды алдын ала басып шығарыңыз (әр бетте 🖨️ батырмасы бар).
  • «Уақыт жетпейді» — бір сабаққа 1 жағдаят + 2 сұрақ жеткілікті; тереңдету үй жұмысына қалдырылады.

👥 Оқыту әдістері

Платформа үш әдіске негізделген. Табтарды ауыстырып салыстырыңыз.

E1
Engage — Қызықтыру

Өмірлік жағдаятпен назар аудару: сұрақ, видео, жарнама, дилемма.

E2
Explore — Зерттеу

Оқушылар топта деректермен жұмыс істеп, өз болжамдарын тексереді.

E3
Explain — Түсіндіру

Математикалық ұғым/формула оқушы тәжірибесінен «шығарылады».

E4
Elaborate — Тереңдету

Жаңа білім басқа контексте — PISA тапсырмасында қолданылады.

E5
Evaluate — Бағалау

Шығу билеті, өзін-өзі бағалау, рефлексия.

1
Мәселелік сұрақ

«Мектеп асханасында кезекті қалай азайтуға болады?» — жауабы дайын емес нақты мәселе.

2
Жоспарлау

Топ рөлдерді бөліп, қандай деректер керегін анықтайды.

3
Зерттеу

Деректер жинау (өлшеу, сауалнама), математикалық өңдеу.

4
Өнім жасау

Шешім: модель, инфографика, есептеме, ұсыныс хат.

5
Қорғау және рефлексия

Аудитория алдында таныстыру, сұрақтарға жауап, өзін-өзі бағалау.

1
Ask — Мәселені анықта

Талаптар мен шектеулер қандай? (бюджет, материал, өлшем)

2
Imagine — Идея жина

Мүмкін шешімдердің нобайлары, миға шабуыл.

3
Plan — Жоспарла

Сызба, өлшемдер, материал есебі — математика осында!

4
Create — Жаса

Прототипті құрастыру.

5
Test & Improve — Сына және жетілдір

Өлшеу, деректер кестесі, қайталап жақсарту.

📝 PISA тапсырмаларын кіріктіру алгоритмі

Кез келген оқулық есебін PISA-форматына айналдырудың 6 қадамы.

1
Тақырыпқа сай өмірлік контекст таңдаңыз

Жеке (отбасы, покупка), кәсіби (жұмыс), қоғамдық (қала, экология), ғылыми (табиғат, техника).

2
Шынайы деректер қосыңыз

Нақты бағалар, кестелер, диаграммалар — «жасанды» сандардан аулақ болыңыз.

3
Сұрақтарды үш деңгейде құрыңыз

1) Ақпаратты табу → 2) Қолдану/есептеу → 3) Пайымдау және дәлелдеу.

4
Жауап форматын түрлендіріңіз

Таңдау + ашық жауап + «дәлелде/түсіндір» сұрағы аралас болсын.

5
Бағалау кодын жазыңыз

Толық жауап (2 ұпай), ішінара (1 ұпай), қате (0) — критерийлерін алдын ала анықтаңыз.

6
Сынақтан өткізіп, түзетіңіз

Уақытты өлшеңіз, оқушы қателерін талдап, шартты нақтылаңыз.

✅ Бағалау құралдары

Дайын рубрикалар. Толық интерактивті бағалау — Assessment Box бетінде.

STEM-жобаны бағалау рубрикасы

КритерийЖоғары (3)Орта (2)Бастапқы (1)
Математикалық есептеулер Барлық есептеу дұрыс, бірліктер көрсетілген Шағын қателер бар, жол дұрыс Есептеулер жоқ немесе қате
Модельдеу Мәселе толық математикалық модельге түскен Модель ішінара құрылған Модель құрылмаған
Топтық жұмыс Рөлдер айқын, барлығы қатысқан Қатысу біркелкі емес 1–2 оқушы ғана жұмыс істеген
Таныстыру Қорытынды дәлелді, сұрақтарға жауап берді Қорытынды бар, дәлел әлсіз Қорытынды жоқ

⚙️ AI пайдалану алгоритмі

Жасанды интеллектті сабаққа дайындықта қауіпсіз әрі тиімді қолдану.

1
Рөл беріңіз

«Сен — математикалық сауаттылық бойынша сарапшы-әдіскерсің…»

2
Контекст көрсетіңіз

Сынып, тақырып, оқушы деңгейі, уақыт шектеуі.

3
Формат сұраңыз

«PISA форматында, 3 деңгейлі сұрақпен, бағалау кодымен».

4
Тексеріңіз!

AI жауабын әрқашан өзіңіз шешіп тексеріңіз — сандық қателер болуы мүмкін.

5
Бейімдеңіз

Жергілікті контекст қосыңыз: теңге, қазақстандық қалалар, таныс жағдаяттар.

Дайын промпт үлгілері

«Сен — математикалық сауаттылық бойынша әдіскерсің. 8-сыныпқа "пайыздар" тақырыбы бойынша PISA форматындағы тапсырма құрастыр. Контекст: қазақстандық отбасының коммуналдық төлемдері (теңгемен). Үш сұрақ: 1) ақпаратты табу, 2) есептеу, 3) пайымдау. Әр сұраққа бағалау кодын (2-1-0 ұпай) жаз».

«Мына тапсырманы үш деңгейге бейімде: қолдау қажет оқушыға (қадамдық нұсқаумен), орта деңгейге (өз бетінше), дарынды оқушыға (ашық сұрақпен, қосымша шектеумен). Тапсырма: [тапсырма мәтіні]».

«Оқушы мына есепті былай шығарған: [оқушы шешімі]. Қатенің түпкі себебін (ұғымдық/есептеу/оқу) анықтап, оны түзейтін 2 жаттығу және оқушыға қойылатын 1 бағыттаушы сұрақ ұсын. Жауапты қазақ тілінде жаз».